Алматыда 500 теңгеге тамақ ішуге бола ма?

986

Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы айтты.

Алматыда 500 теңгеге тамақ ішуге бола ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көпшілікті қызықтырған "Алматыда 500 теңгеге тамақ ішуге бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Естеріңізге сала кетсек, қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Алматыда 500 теңгеге тамақ ішуге болады деген мәлімдеме жасаған еді.

"Кей жерлерде ішуге болады, кей жерлерде болмайды. Кімнің қалай жолы болады, дейді ғой",– деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар әкім қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.

"Бізге бір миллион тонна азық-түлік қажет. Оның барлығы Алматыға сырттан келеді. Азық-түлікпен қамту туралы қала агломерациясымен келістік. Ет қымбаттаған кезді мысалға алғым келеді. Сол кезде біз оны Жамбыл және Түркістан облыстарынан сатып алдық. Алайда Өзбекстанда базар ашылып, аймақтардағы шаруаларға көрші елде сауда жасау тиімді болды. Нәтижесінде қалаға ет  жеткізу көлемі азайып, ет тапшылығы сезілді. Бұл баға саясатына әсер етті. Сондықтан біз қазір өзге өңірлердегі шаруалармен келісіп жатырмыз. Ал нан өнімдеріне байланысты алдын ала шаралар жасадық. Нан қымбаттамайды", – деді Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу