Алматыда 500 жаңа автобус жолаушылар көп жүретін бағыттарға шығады

356

Жазда 100 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты. 

Алматыда 500 жаңа автобус жолаушылар көп жүретін бағыттарға шығады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының коммуналдық автопаркі газбен жүретін жаңа автобустармен толықты. Тағы 500 автобусты дайындау рәсімі аяқталып келеді. Дайын болған кезде олар жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады.

Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және т.б. маршруттарды күшейту жоспарланған.

Троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынды, қазір олар жолаушылар тасымалына шыққан. Жыл басынан бері 22 жаңа бағыт ұйымдастырылды, онда 205 автобус тартылып, 364 автобус есебінен 24 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылды.

Бұл ретте, орта есеппен тәулігіне жолаушылар ағыны 1,2 млн-нан 1,5 млн жолаушыға дейін өсті.

Жыл соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу