Алматыда 504 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды

680

4,6 млн теңге айыппұл салынған жүргізуші, көлік құралын басқарудан шеттетілді.

Алматыда 504 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, бұл Қырғызстанда тіркелген көліктің жүргізушісі. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, деп жазды inbusiness.kz.

"Шаһарда кей жүргізушілердің абайсыз әрекеттері азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Мегаполисте ЖҚЕ қасақана бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда. Өткен тәулікте ғана қала жолдарында мұндай 4 жүргізуші ұсталды.  Олардың ішінде – 1983 жылы туған И. есімді азамат бар. Ол "Хонда" маркалы көлікті тізгіндей отырып 504 ЖҚЕ бұзған, ер адам айыппұлдарды төлемеген. Құқық бұзушы дереу көлік құралын басқарудан шеттетілді", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.  

"Тағы бір тәртіп бұзушы РФ тіркелген көлікті тізгіндеген. Ол 1988 жылы туған А. есімді азамат. Оған жалпы сомасы 3 млн 480 мың 909 теңгені құрайтын 370 айыппұл салынған. Бұл көлікте айыппұл тұрағына қойылды", – деді Манап Саттаров.

Спикердің айтуынша, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемейтін көлік жүргізушілерін анықтау бойынша іс-шара полиция бөлімшелерінің алдыңғы саптағы қызметкерлерінің қатысуымен, цифрлық технологияларды белсенді пайдалана отырып жүргізілуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу