Алматыда 51 әйел менторлық бағдарлама бойынша іріктеуден өтті

Үміткерлерде жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы шарт. 

Алматыда 51 әйел менторлық бағдарлама бойынша іріктеуден өтті Фото: Алматы ҰКП

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында менторлық сүйемелдеуге іріктеу 22 және 25 мамырда өтті. 
Ментордың оқу курсына қатысам дейтіндер көп болды. Оқу курсына 51 қыз-келіншек өтті.
 
Еске сала кетсек, бұл қызмет "Мен кәсіпкер" жобасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша көрсетіледі.

"Менторлық бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен жылғы 25 ментор бүгін де өз бизнестерін табысты жүргізіп жатыр. Тәлімгерлікпен кәсіп бастау, бизнесті тиімді жүргізу өте ыңғайлы. Әр қатысушыға менторлық сүйемелдеу осы жылдың соңына дейін көрсетіледі. Биыл қатысушылардың саны екі есе көп, олар екі топқа бөлінеді", – деді Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева.
 
Спикер барлық менти – бір жыл бұрын Алматы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының клиенттері екенін айтты.
 
Үміткерлерде тіркеуден өткен жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы талап етілді.
 
Бағдарлама тәлімгерлері "Кемел ұстаз" оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Нұрсұлу Оразбаева және ҚБТУ университетінің сеньор-лекторы, "Nativa Language Solution" оқу орталығының директоры Алуа Нұрбаева болып белгіленді. Оқыту екі тілде өтеді.
 
Тәлімгерлер бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді, сондай-ақ біліктілік пен дағдыларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.
 
"Жобаның мақсаты – кәсіпкер әйелдерді бизнес жүргізу дағдыларына үйрету, масштабтау және дамыту, кәсіпкер әйелдерді бағдарлама шеңберінде бизнес жүргізуге сүйемелдеу, оқыту және тәлімгерлік. Бұл қызметтердің барлығы өтеусіз негізде көрсетіледі", – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу