Алматыда 53 сауда нысаны газ баллондарын пайдалану талаптарын бұзған

434

Келеңсіз жағдайларға қарамастан кәсіпкерлер сауда орындарында газ баллондарын пайдаланып келеді. 

Алматыда 53 сауда нысаны газ баллондарын пайдалану талаптарын бұзған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша, ведомство тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп, тұрмыстық газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша үгіт-насихат айлығы өткізілді, оның аясында комиссия тексеріс жүргізді", – деді Данияр Қырықбаев.

Тексеру нәтижесінде 53-тен астам сауда және 50 сауда және ойын-сауық базарлары ("Алатау-1", "Керемет", "Сәлем", "Тау-Самал", "Барлық", "Алтай", "Түрксіб", "Жетісу"), Шолоховтағы "Сапар", "Айнабұлақ" аумақтары, Көк базар, "Верный" және т.б. қамтылды), сондай-ақ 400-ге жуық қоғамдық тамақтандыру нысандарында, оның ішінде 278 нысанда газ баллондарын талаптарды бұза отырып пайдалану фактілері анықталды.

Аталған тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша талаптарды сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көзделген жауапкершілікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мамыр айында СОСО, дүкендер, метрополитен және әуежай өкілдерімен "Сауда-ойын-сауық орталықтарында лифтілерді, эскалаторларды пайдалану қауіпсіздігі" тақырыбында кеңес өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу