Алматыда 57 адам Covid-19 вирусын жұқтырды

732

Оның төртеуі өздігінен тексерілуге жүгінген адамдар.  

Алматыда 57 адам Covid-19 вирусын жұқтырды

Профилактикалық тексеру кезінде 14 адам анықталса, қалғандары карантиндегі адамдар.

Бұлармен жақын байланыста болған барлық азаматтар оқшауландырылды.

Жалпы, мегаполисте пандемия басталғалы бері вирусы расталған 1966 жағдай тіркелді

Қазіргі уақытта қалалық жұқпалы аурулар стационарында коронавирустық инфекциядан 864 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Соның ішінде 30 бала бар.

Екі науқастың жағдайы – өте ауыр, 22 адамда – ауыр, 240 науқаста ауырлықтың орташа дәрежесі, ал қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық.

Бүгінде провизорлық госпитальда 196 адам бар. Бұдан өзге 266 адам карантиндік оқшаулауда және 13 299 азамат үй карантинінде жатыр.

Бұрнағы күні 55 адам қауіпті індеттен жазылып шықты. Оның ішінде 28 адам – медицина қызметкерлері, 1,5 жас пен 16 жасқа дейінгі 10 бала, 1947, 1949 және 1952 жылдары туған үш зейнеткер және қалғандары орта жастағы азаматтар.

Жалпы, мегаполисте пандемия басталғалы бері қауіпті індеттен 1092 науқас сауығып шықты,  бұл 56%-ды құрайды.

"Десе де, қалада карантин режимі әлі жалғасуда. Мегаполис тұрғындарына, әсіресе, жөтел, мұрыннан су ағу немесе басқа да ауру симптомдары болған жағдайда барлық қауіпсіздік шараларын ұстану керектігін ескертеміз. Атап айтқанда, бетперде киіп, мүмкіндігінше халық көп жиналатын орындарға бармауға, қолды жиі жуып, адамдардан өздерін кем дегенде 2 метр қашықтықта ұстау керектігін өтініп сұраймыз. Бұл ұсыныстарды орындай отырып, сіз аурудың таралу қауіпін төмендетесіз. Егер сізде дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болса, тыныс алу қиындай түссе, медициналық көмекке жүгініп, жедел жәрдем шақырғаныңыз абзал", – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу