Алматыда 6 мың адамға вакцина салынды

1028

Коронавирусқа қарсы екпе қалалық емханаларда, Республика және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және ойын-сауық кешендерінің бірінде салына бастады. 

Алматыда 6 мың адамға вакцина салынды

Алматыда өткен тәулікте 6 мың адамға вакцина салынды, деп хабарлайды Аtameken Business. Сонымен қатар, жоспарлы вакцинацияулау қолға алынған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

2-3 сәуір аралығында қалада ресейлік "Спутник V" вакцинасын 17 мың адам салдырған. Қазір шаһарда екпе егуге арналған 250 пункт бар. Мегаполисте қауіпті індетті жұқтырған 3263 науқас ем қабылдап жатыр. 67 адамның жағдайы өте ауыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу