Алматыда 6 мыңнан аса адам вакцина салдырды

849

Медицина қызметкерлерінің 60% -ы, педагогтердің 10%-ы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 20%-ы "Спутника V" вакцинасын салдырды.  

Алматыда 6 мыңнан аса адам вакцина салдырды

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

Оның айтуынша ақпан айында бірінші кезеңде 1750 медицина қызметкеріне вакцина егілді, олардың барлығы ревакцинациядан өткен.

"Екінші кезең 2021 жылдың 1 наурызында басталды. Қосымша 10 800 доза "Спутник V" вакцинасы алынды. Қазіргі таңда 6 225 адам вакцина салдырды. Бұл жоспардың 57,6%-ы. "Қауіпті аймақта" жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 60% -ы, оқытушылардың 10%-ы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 20%-ы вакцина салдырды", – деді басқарма басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу