Алматыда 6 мыңнан астам самокатшыға айыппұл салынды

323

Тамыз айының соңында Қазақстанда самокатшылардың жаңа ережесі күшіне енді.

Алматыда 6 мыңнан астам самокатшыға айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Алматыда қыркүйек айынан бері жол ережесін бұзған 6 мыңнан астам электрлі самокат жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"30 тамыздан бастап Қазақстанда "Жол жүрісі туралы" заңдағы электр самокат міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді. Бастапқы кезеңде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Содан кейін ҚР ӘҚБтК-нің 593, 622-баптарына сәйкес шара қолданыла бастады. Бүгінгі таңда самокат жүргізушілерінің қатысуымен 6 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Олардың барлығына айыппұл салынды", деді Салтанат Әзірбек.

Заңда көрсетілгендей, ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы "электр самокат" деп танылады. Олардың қозғалысы үшін де тиісті орындар айқындалады.

Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер қойылады.

Шарттар мен ережелерді сақтай отырып:
- электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі;
- жүргізуші 18 жасқа толған болуы тиіс;
- көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт;
- шлем кию міндетті.
- қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет.
- тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру шарт;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу