Алматыда 60 "ақылды" бағдаршам орнатылады

914

Пандемия үшін жаңа құрылғыны іске қосу мерзімі шегерілді. 

Алматыда 60 "ақылды" бағдаршам орнатылады

2022 жылға дейін мегаполисте 450 бағдаршам орнату жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде, яғни, биылғы жылдың аяғына дейін 60 камера қойылады. Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс болатын, алайда карантин салдарынан мерзімді жылжытуға тура келді. 2020-2021 жылдары Алматының 390 көше қиылысында "ақылды" бағдаршам орнатылады. 

Құрылғылар көлік легінің тығыздығын, бағыты мен жылдамдығын анықтап, жол қозғалысын реттейді. 

Жуырда Достық – Жолдасбеков және Сейфуллин – Төреқұлов қиылыстарына тәжірибе ретінде солға бұрылуға рұқсат беретін не тыйым салатын "қызыл плюс" секциясы орнатылады. Егер "+" жанса солға бұрылуға болады, ал өшіп тұрса, жүргізуші қарсы келе жатқан лекті өткізуге міндетті. 

Олжас Оқас 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу