Алматыда 60 мыңнан аса адам коммуналдық төлемге жеңілдік алады

972

Осыған қатысты сұрақтарды анықтау үшін 341 0527 жедел желісі ашылады.

Алматыда 60 мыңнан аса адам коммуналдық төлемге жеңілдік алады

Алматыда 60 мыңнан аса тұрғын коммуналдық қызметтердің өтемақысын алатын болады. Бұл туралы қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір қалада бұл тізім жасалды. Алматы бойынша тізімде 60 мыннан астам адам бар. Бұл тізімге АӘК алатын отбасылар, 1-2-3 топ мүгедектері, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, ҰОС ардагерлері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар бұл қаражатты ала алады. Коммуналдық қызметті өтеуге дербес шоты бар осындай тұлғаларға 15 мың теңгеден 2 айға бөлінеді. Сәуірдің коммуналдық қызмет ақысы мамырда, мамыр айының төлемі маусымда келеді. Бұл жерде ешқандай асығу жоқ", – деді қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, жақында осы сұрақтарды анықтау үшін 341 0527 жедел желісі ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу