Алматыда 61 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

751

Инфекциялық стационарларда 97 бала ем қабылдауда.

Алматыда 61 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

2021 жылдың 17 мамырдағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 520 жаңа жағдайы тіркелді, оның 455-і белгілері бар және  65 симптомсыз, деп хабарлайды inbusiness.kz Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 мамырда барлығы 419 адам емделіп шығарылды. Ауруханаға 209 науқас келіп түсті. Инфекциялық стационарларда жалпы саны 6 060 төсек-орын бар. Қазіргі кезде 2 917 адам, оның ішінде 97 бала ем қабылдауда. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне –  197 адам жатқызылған. Оның ішінде 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосалған, 61 адам инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына қосалған", - деп хабарлады басқарма.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 3 369 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 972, симптомсыз 397 науқас бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу