Есірткі сатушы есірткіні көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысқан 61 жастағы Г. есімді азамат болып шықты.
"Күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шараны жүргізбес бұрын біздің бөлімшенің қызметкерлері жедел және арнайы шаралар кешенін жүзеге асырды. Дәлелдемелік база жеткілікті көлемде жинақталды. Күдікті күндізгі уақытта гараж кооперативтерінің бірінің аумағында ұсталды. Біздің мәлімет бойынша, күдікті сатуға дайындалған қылмыстық затты сол жерде сақтаған. Тінту кезінде гашиш салынған 13 бума, марихуана салынған 13 бума, ПМ-9мм тапаншасының бір патроны, 740 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша, 1 150 доллар, 50 еуро табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Полиция шаһарға шөпті жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткі сатушының тұрақты тұтынушыларының шеңберін анықтайды. Ал Г. есімді азамат УҰИ-ға қамалды.