Алматыда 62 жастағы әйелдің өтінен 1,7 мыңнан астам тас шықты

472

Әйел бұрын тексеруден өтпеген. 

Алматыда 62 жастағы әйелдің өтінен 1,7 мыңнан астам тас шықты Фото: SN.kz

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың хирургтары 62 жастағы әйелдің өт қабынан 1730-дан астам тас алып тастады, деп жазады Inbusiness.kz. 

№7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, пациент оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету секілді шағымдармен келген. 

Мамандардың тексеруінен соң әйел адамға "Өт тас ауруы. Жіті калькулозды холецистит" диагнозы қойылды. Келесі күні алдын-ала жүргізілген дайындықтан кейін "Лапароскопиялық холецистэктомия" отасы жасалған. 

"Бұл ота менің рекордымды жаңартты. Бұл жолы 1730-дан астам тас табылды. Бұл тек өт қабынан анықталғаны. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өту қажет" ,- деді операциялық топтың жетекші хирургы профессор Мұса Сахипов.

Ота сәтті өтті. Пациент операциядан кейінгі төртінші күні үйіне шығарылды. 

Бүгінде ол амбулаториялық бақылауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу