Бұдан басқа 120 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын мен қаланың 51 базары да қайтадан жұмыс істей бастады.
Әкім орынбасарының айтуынша, 149 азық-түліктік сауда желілерінің, гипермаркеттер мен супермаркеттердің 146-сы өз қызметін қалпына келтірген, қалған 3-еуі 28 қаңтарға дейін ашылады.
"Алматының азық-түліктік емес сауда нысандарына келетін болсақ, бүгінде 110-ның 99-ы өз қызметін жандандырды, қалған 11-і ақпан айының соңына дейін жұмысын бастайды. Бүгінде қаланың 93 сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-сі жұмыс істейді. Қалған 6 нысан қалпына келтіру қызметін жүргізеді. Мысалы, "Мәскеу" СОСО жартылай іске қосылды. Толық қалпына келтіру ақпан айының ортасына дейін жоспарланған", – деп атап өтті спикер.
Басқа да зардап шеккен сауда үйлеріне келер болсақ, "Арена" СҮ 1 ақпанда, "Сити Центр" СО 1 ақпанда, "Мобилка" СҮ ақпан айының соңына дейін, "Променад" СО наурыз айының соңына дейін, "Азия парк" СОСО наурыздың басында, "Алмалы" СОСО тамыз айының соңына дейін ашу жоспарлануда.
Мақсат Қиқымовтың айтуынша, бүгінде Алматыда 220 жанар-жағармай құю бекеттерінің 190-ы жұмыс істейді. 23 желілік жанар-жағармай құю бекеті қалпына келтіріліп, ақпан айының соңына дейін іске қосылады. Өртенген 2 ЖЖҚБ мамыр айының ортасына дейін өз қызметін бастайды. 5 желілік емес жанар-жағармай құю бекеті 30 қаңтарға дейін ашылады.
Қаладағы қоғамдық тамақтану объектілерінің басым бөлігі 3 100-дің 3 083-і жұмыс істейді. Наурыз айының ортасына дейін 15 нысан, 1 мамырға дейін тағы 2 нысан іске қосылады.
Қалада 975 дәріхана қызметін қайта бастады.
Құралай Құдайберген