Алматыда 7 адамнан тұратын қылмыстық топ сотталды

1159

Олар қаражатты қолма-қол ақшаға аударып, жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан.

Алматыда 7 адамнан тұратын қылмыстық топ сотталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қомақты соманы қолма-қол ақшаға аударып келген қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz.

Болат Қ., Қыстаубаев У. басқарған жеті адамнан тұратын топ материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы есеп құжаттарын берумен айналысқан. 

Тергеу барысында аталған тұлғалардың 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға өздерінің бақылауындағы 4 компания арқылы жалған шот-фактуралар берген. Оның жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрады.

Сотталушылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде мөрлер, банк карталары, компьютерлер, ноутбуктер, бұрын қолма-қол ақшаға айналдырылған 7 млн теңге көлеміндегі қаражат табылып, тәркіленіп, жалпы салмағы 849 грамм заңсыз есірткі (марихуана) өсіру фактісі анықталды. 

Сот үкімімен сотталушылар 1-бап бойынша кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігімен (жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызмет өрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактураны жазуға әрекет жасау) 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Есірткінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары Алматы қалалық полиция департаментіне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу