Алматыда 7 млн теңгенің тауары сөрелерден алынды

668

Алматыда 7 млн теңгенің тауары сөрелерден алынды

Алматыда санэпидемиологтар өткен жылы құны 7 млн теңге болатын жарамсыз тауарды айналымнан алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Былтыр барлығы 5 млн теңгеге сынама сатып алынды. Сараптама нәтижесі бойынша азық-түлік тағамдарының 10,4%-ы, балаларға арналған тауарлардың 20%-ы, жеңіл өнеркәсіп тауарларының 40%-ы пайдалануға жарамсыз болып шықты. 63 кәсіпкерлік субьектіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. 7 млн 265 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 19 шағын бизнес субьектісінің жұмысы тоқтатылды. Айналымнан құны 6705 013 теңге болатын 4423,11 кг тауар алынып тасталды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Нақтылағанда,  2613 азық-түлік сынамасы алынса, оның 264-і нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болмаған. "Оның ішінде 12,9%-ы отандық өндірушілердікі, 5,7%-ы ЕАЭО елдерінің өнімі. 72% тауар маркерлеу стандарттарына сай емес, 31% - микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпті болып шықты. Көбіне ет өнімдері (29,7%), аспаздық (29,2%), балық өнімі (28,4%), құс еті өнімдері (23,0%) пайдалануға жарамсыз деп табылды. Сүт пен сүт өнімдерінен 211 сынама алынды. 8 сынама таза болмай шықты", - деді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу