Алматыда 7 млрд теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

431

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.

Алматыда 7 млрд теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Прокуратура мәліметінше, Алматы шекарасы кеңейтілген 2014 жылы Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Сол кезде "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС Алматы облысы Қарасай ауданындағы құны 7 млрд теңге болатын 30,9 га жерді қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

"Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ", делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу