Алматыда 7 мың ПТР-тесті заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

724

Олар тесті 32 900 000 теңгеге саудалағысы келген.

Алматыда 7 мың ПТР-тесті заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Алматыда 7 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында рұқсат құжатынысыз ПТР-тестерін (COVID-19) сатуды ұйымдастырған тұлғалар ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

"Олардың жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге  7000 ПТР-тестін заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен қосымша ҚХР-да өндірілген  2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленіп алынды",– деп жазылған хабарламада. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалған (заңсыз кәсіпкерлік).  

Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері дәрілік заттарды сату кезінде спекулятивті бағаны жоғарылату фактілері мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды өткізетін тергеу-жедел топтарын құрғандығын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу