Алматыда 7 оқушы коронавирус жұқтырған

576

Балабақшаларда індет жұқтыру жағдайы тіркелмеген. 

Алматыда 7 оқушы коронавирус жұқтырған

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше балалардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. 

"Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны туыстарынан жұқтырғаны анықталды. Ал 2 оқушы ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемелерге жүгінген кезде, 1 оқушыдан демікпеге байланысты санаторлық ем алу алдында профилактикалық тексеруден өтер кезде табылды", – деді шаһардың бас санитар дәрігері. 

Ал мектепке дейінгі даярлық мекемелерінде оқитын балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Осы орайда Жандарбек Бекшиннің жіті респираторлық инфекциялар тақырыбына тоқталды. Себебі инфекцияның бұл түрімен көбінесе балалар ауырады.

"Жалпы алғанда қазір ЖРВИ маусымы. Көбінесе бұл инфекциялармен балалар ауырады. Биыл ЖРВИ-ға шалдыққандар арасында балалардың саны 62%", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу