Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т. есімді әйелге қатысты "ауыр қылмыс жасады" деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу