Алматыда 7 жылдан бері салынып жатқан жерасты жолы пайдалануға берілмек

692

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жансүгіров пен Сейфуллин қиылысындағы жолайырықтың құрылыс қарқынымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 7 жылдан бері салынып жатқан жерасты жолы пайдалануға берілмек Фото: Алматы әкімдігі

Жоба 2017 жылы қолға алынды. Алайда, 259 жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты ұзаққа созылып кетті. Соңғы жер учаскесі биыл мамыр айында босатылды.

Жоба бойынша Сейфуллин даңғылында көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу қарастырылған. Ал, Жансүгіров көшесі бойынша көлік қозғалысы жер деңгейінде жүзеге асады.

Сонымен қатар, 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және іргелес аумақты көгалдандыру жоспарланған.

Қазір барлық бұрылыс жолға асфальтбетон жабыны төселіп, бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, сондай-ақ кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сейфуллин даңғылындағы "Батыс" және "Шығыс" тоннеліне асфальтбетон жабын төсеу аяқталды. Алдағы демалыс күндері қозғалыс ашылады.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысанды абаттандырумен бірге келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кету керек, жолайырық іске қосылғаннан кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу