Республика күні қарсаңында Алматыда "Көк Туым – мақтанышым!" атты патриоттық велошеру өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оған 70-тен астам жас велошабандоз қатысып, Қазақстанның мемлекеттік Туы мен шағын жалаушаларын ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті.
Велошеру легін қаланың символы саналатын қар барысы бейнесіндегі "Қожа" кейіпкері бастап жүрді. Ол арнайы дайындалған пикап көлігімен шерудің алдында қозғалды.
Қатысушылар Алматы ипподромынан жолға шығып, Серіков және Қазыбаев көшелерімен жүріп өтті.
Бастама ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыруға және жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу