Алматыда 75 мың баланы компьютермен қамту керек

751

1 қыркүйекте 27 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады.

Алматыда 75 мың баланы компьютермен қамту керек

Бұл туралы цифрлық жобалар және қашықтықтан оқытуда интернетпен қамтамасыз ету туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді. 

"Алматыда 1 қыркүйекте 27 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары басталып кетті. Біріншіден, қашықтықтан оқытуға балалардың техникалық жағынан қамтамасыз ету. Балалардың және мұғалімдердің компьютермен қамтылуын анықтау мақсатында мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде 75 мыңнан аса баланы, 2 мыңнан аса мұғалімді компьютермен қамту керек екені белгілі болды", – деген басқарма басшысы бұл мәселе қалай шешілетінін жеткізді. 

"Мектептерді қаржыландыру есебінен 9 мың ноутбук сатып алынады. Жергілікті бюждет есетінен 11 мың ноутбук, үкіметтің резервтік қоры есебінен 30 мың компьютерлік техника, жергілікті бюджеттен 22 мыңға жуық планшет, сонымен қатар мектептергеді барлық компьютерлер оқушыларға таратылады", – деді Ләззат Жылқыбаева. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу