Алматы қаласындағы мектептерде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі аяқталды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
2026 жылы қала бойынша 20 803 оқушы мектеп бітіреді, сондай-ақ 30 380 оқушы 9-сыныпты аяқтады.
Биылғы оқу жылында 790 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Сонымен қатар 2 083 мектеп бітірушіге үздік үлгідегі аттестат табысталды. 9-сыныпты аяқтаған 2 168 оқушы да үздік аттестатқа ие болды.
Түлектер оқу жетістіктерімен қатар, қайырымдылық және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысқан. Олар әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсетіп, аумақтарды көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, білім беру ұйымдарындағы ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларға үлес қосты.