Әкімдіктің мәліметінше, биылғы жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заңбұзушылықты анықтап, заң бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісті бақылауды жүзеге асырмағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы мен 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылып, олардың аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
"ARTEMIDA LTD" ЖШС;
"TriA Holding" ЖШС;
"Ремстрой" ЖШС;
"ABM Building" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"Дебо Строй" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"EDIL-STROY SERVICE" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"Ақ Ордасы Корпорациясы" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"DP ENGINEERING GROUP" ЖШС (лицензияның кіші түрі).