Алматыда 8 жылдан соң кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды

465

Адам өлтірген үш күдікті ұсталды.  

Алматыда 8 жылдан соң кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды Фото: polisia.kz

Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы адам өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында адам өлтіру дерегі тіркелген.  Сол жылы жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі адам өлімінің тұншығудан болғанын анықтады.

"Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Үш еркекті қызықтырған сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшылық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіргенімен, көлікті ала алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу