Алматыда 80-ге жуық супермаркет қайта ашылды

1010

Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдайға тоқталды.

Алматыда 80-ге жуық супермаркет қайта ашылды

Алматы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қалалық қызметтер Антитеррорлық орталықпен тығыз байланыста. Бұл туралы Inbusiness.kz порталына әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствода шаһарды тазалау жұмыстары барлық аудандарда жүргізіліп жатқанын жеткізді. Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 

"Инженерлік желілер әскери қызметшілер зиянсыз еткен аумақтарға кіреді. Құқық қорғау органдары қаланы тазартуды жалғастыруда. Айта кету керек, осы күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері үзіліссіз жұмыс істеді. Халықты сумен, кәрізбен, газбен, жылумен қамту қызметтері әдеттегідей жұмысқа кірісті", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

80-ге жуық супермаркет, үш ірі азық-түлік базары, 70-ке жуық жанармай құю бекеті, 111 дәріхана, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Автогаздың құны литріне 70 теңгеге дейін төмендеді.

"Қабылданған шаралар бірте-бірте қала өмірін қалыпқа келтірді. Бізге тек сабырлық, төзімділік пен түсіністік керек", – деген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдай талаптарын мүлтіксіз орындап, коменданттық сағат талаптарын бұзбау керектігін ескертті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу