1 ай ішінде Алматыда 800-ден астам мопед айыптұраққа қойылды

306

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

1 ай ішінде Алматыда 800-ден астам мопед айыптұраққа қойылды Фото: Гульша Рысканова, Алмаз Толеке

Алматы қаласында 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енгеннен бері 800-ден астам мотокөлік мамандандырылған айыптұраққа жеткізілді. 

Сәуір айының басынан бері мопед жүргізушілері 2 600-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

– Жаңа талаптар енгізілгелі бері құжаттарын рәсімдеуге ниет білдіргендер саны артып келеді. Дегенмен, заңға бағынбай, көлігін тіркемей жүргендер де жоқ емес. Азаматтарды мотокөліктерін уақтылы заңдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамыз. Бұл – тек заң талабы емес, ең алдымен жүргізушінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Тіркеу процесі әлі де жалғасуда. Барша азаматқа өз көлігін ережеге сай тіркеуге мүмкіндік бар, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция өкілдері мопед иелерін заң талаптарына жауапкершілікпен қарап, көліктерін тіркеуге асығуға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу