Алматыда 800 млн теңгеден астам бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

112

Қадағалау органдары заңсыздықты тоқтатты.

Алматыда 800 млн теңгеден астам бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді Фото: gov.kz

Тексеріс барысында Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның 0,5006 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған кезде заң талаптарын бұзғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес аталған аумақта жалпы пайдаланудағы нысандарды салу қарастырылмаған. Соған қарамастан, әкімдік заң талаптарына қайшы келетін шешім қабылдап, жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастаған.

Бағалау нәтижесі бойынша, жер учаскесінің құны 800 млн теңгеден асқан.

Прокуратураның наразылығы негізінде әкімдіктің заңсыз қаулысы күшін жойды. Нәтижесінде, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу