Алматыда 84 628 ағаш апатты жағдайда деп танылды

675

Шаһарда ағаштардың құлау оқиғалары жиілеп кетті.

 Алматыда 84 628 ағаш апатты жағдайда деп танылды

Мәселен, 24 наурызда жауған қар салдарынан 44 көлік құлаған бұтақтардан зардап шекті. Наурыздың 29-ы Алматыда қатты жел соғып, қала орталығында бірнеше ірі ағаш құлады.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жүргізілген тексеру және арнайы зерттеу нәтижелері бойынша шаһарда 2 802 737 ағаш бар, оның 84 628-і апатты жағдайда.

Жыл басынан бері мегаполисте ағаш діңі мен ірі бұтақтарының құлауының 242 фактісі тіркелген. Бүгінде мәселені шешу үшін "Жасыл экономика" басқармасы бес жыл ішінде апатты ағаштарды кесу жобасын әзірлеуде.

Жыл сайын аудан әкімдіктеріне 1,9 мың түп ағашты кесу үшін (1 тал үшін 10 көшет қайта отырғызу шартымен) 54 млн теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу