Алматыда 84 мыңнан астам ағаш апатты жағдайда

640

Бұл туралы Жасыл экономика басқарма басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда 84 мыңнан астам ағаш апатты жағдайда

"Алматыда 2,8 млн ағаш пен бұта бар. Оның ішінде 1,9 млн сау ағаш, 360 мың кәрі ағаш, 418 мың жас өскін және 84 мың апатты ағаш бар", – деді басқарма басшысы. 

Оның айтуынша, қауіп төндіретін өзегі шіріген жасыл желектердің басым бөлігі қаланың орталығында және аулаларда өсіп тұр. Жыл сайын аудандық әкімдіктерге 1,9 мың ағаш кесуге және оның орнына міндетті түрде 19 мың түп ағаш отырғызу үшін 54 млн теңге бөлінеді. 

“Қаладағы барлық апатты ағаштарды кесу бағдарламасы жасалып жатыр. Әр кесілген талдың орнына 10 көшеттен отырғызылады”, – деді Серік Әділбаев. 

Соған сәйкес биыл қалада 350 мың ағаш отырғызылады. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар Jasyl Almaty-ның 1 млн ағаш отырғызу акциясын аяқтайды. 

"Биыл бізде 350 мың жасыл желек отырғызу жоспары бар, оның ішінде 72 мың көшет отырғызылды. Жалпы, осы екпелер есебінен 1 млн ағаш отырғызу арқылы Jasyl Almaty акциясын аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу