Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты жаңартылды

498

Тау бағыттары абаттандырылып, туристерге арналған бес тілдегі аудиогид әзірленді.  

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты жаңартылды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда тау туризмі инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда туристер үшін 1 мың шақырымнан астам тау бағыты цифрландырылып, оның 850 шақырымнан астамы абаттандырылып, 2GIS платформасына енгізілді.

Қаладағы ең танымал он туристік маршрут толық жаңартылды. Бағыттар бойында жаңа кемпинг аймақтары ашылып, "Алма-Арасан" термалды бұлағы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар ауыз су орындары жабдықталып, туристік нысандардың жағдайы жақсартылды.

Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін бес тілде жұмыс істейтін аудиогид те әзірленді. Онда 110-нан астам көрікті орын мен 10 танымал туристік бағыт туралы ақпарат қамтылған.

Жобалар Алматының таулы аймақтарын туристер үшін қолжетімді әрі қауіпсіз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу