Алматыда 9 мамыр мерекесіне арналған велошеру өтті

446

Шараға 200-ден астам әуесқой велоспортшы қатысты.  

Алматыда 9 мамыр мерекесіне арналған велошеру өтті Фото: gov.kz

Жеңіс күніне орай Алматыда бұқаралық велошеру ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Велошеру қаланың орталық көшелері арқылы өтті. Қатысушылар сапарын "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастап, әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов даңғылдары, Шығыс айналма жолы, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп өтті. Велошеру 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мәресіне жетті.

Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды.

Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу