Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин №9 мектеп-интернаттың жанында салынып жатқан қосалқы құрылыстың барысымен танысты.
Осы нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың шілдесінде басталып, өткен жылдың қараша айында аяқталуы тиіс болатын. "Barat & Co" ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты жұмыс өндірісінің бұзылуы және сапасыз материалдарды қолдану фактілері бойынша 2022 жылғы желтоқсанда Алматы әкімдігі сотқа талап арыз берді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7527-23-00-2/3201 шешімімен "Barat & Co" ЖШС мердігеріне 6,5 млн теңге айыппұл салынды.
Мердігер ұйымдарға 2023-2024 жаңа оқу жылына барлық жұмыстарды аяқтау тапсырылды.
Бүгінде нысан 99%-ға дайын. Инженерлік желілерді құрылыс алаңының астынан, сыртқы қабырғалар мен ішкі бөлімдерден көшіру бойынша жұмыстар аяқталды, әрлеу жұмыстары, терезе блоктары, шатыр, сыртқы қасбет және аумақтың периметрі бойынша қоршаулар орнатылды, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың инженерлік желілері қосылды.