Атап айтсақ, 67 көп қабатты тұрғын үй, 6 мектеп және 20 нысан жылудан уақытша ажыратылды. Оқиға кеше кешкі сағат бестер шамасында болды. Қысымға шыдамаған диаметрі 400 милиметрлік құбырдан ақау шығып, ыстық су биіктігі 20 метрге дейін атқылаған. Қазір құбырды қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Зардап шеккен ешкім жоқ. Мамандар бұл аумақта осыған дейін 20 шақты апат болғанын айтады.
"Құбыр 1986 жылғы. Ескі құбыр. Қазір қалпына келтіру жоспарына қосылған. Ескі болғаннан кейін жарылыс болған. Қазір ремонтын бастадық біз. Болжам бойынша 4-5 сағатта жібереміз", - деп жауап берді "Алматы жылу желілері" компаниясының бас инженері Данияр Қазымбетов.