Алматыда 93 бағдаршам зияткерлік жүйемен жарақтандырылады

821

Шаһар әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін енгізбек. 

Алматыда 93 бағдаршам зияткерлік жүйемен жарақтандырылады

"Алматы қаласының ерекше мәртебесі" заңының аясында қала әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін енгізу үшін жаңа ережелер әзірлеуде, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Соған сәйкес 2020 жылы 93 бағдаршам зияткерлік жүйемен жарақтандырылады. Аталған жаңашылдық аясында жүргізілген зерттеулер бағдаршамдарды жол жағдайларына қарай бейімдеу қажет екенін көрсеткен. 

"Ағымдағы жылы модернизацияның алғашқы кезеңі бойынша 93 бағдаршамды зияткерлік жүйемен жарақтандыруды жоспарлаудамыз. Ал қалғандары 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады", — деді қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров. 

Бұдан бөлек Қанат Байқоңыров "ақылды" бағдаршамдар жолдардағы қозғалысты өзі реттеп, жүргізушілер үшін қолайлы уақытты болжайтынын айтады. 

"Зияткерлік жүйе көлік санын автоматты түрде санайды және олардың жылдамдығын анықтайды. Осылайша өз бетімен жол қозғалысын реттейтін болады", – деді хабарлады Алматы қаласы мобильділік басқармасы басшысының орынбасары. 

Мұндай жаңашылдық қаладағы жол қозғалысына қатысты түйіткілді мәселелерді шешуге, көлік кептелісін азайтуға, көше желісінің өткізу қабілетін арттыруға әрі апатты жағдайларды азайтуға көмектеседі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу