Алматыда 980 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді

536

Заманауи үлгіде салынған тоғыз қабатты екі ғимаратта студенттерге барлық жағдайлар жасалған. 

Алматыда 980 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді Фото: «NNEF» қоғамдық қоры

Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 980 орындық жаңа жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Жалпы, Алматының 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, оның 124 мыңы басқа өңірлерден (62,3%) келген.

Оқу жылы басталар алдында қаладағы студенттік жатақханаларда 32 мыңнан астам студент тұратын. Ал төсек-орын тапшылығы 32,7 мың болатын.

Жаңадан салынған студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды. Сондай-ақ, ескі ғимараттарды студенттерге арнап қайта қалпына келтіруге 100-ден аса инвестор ниет білдірген.

"Қыркүйек айының соңында біз 1,5 мың студентке арналған жеті нысанды іске қостық. Осы жылдың соңына дейін тағы 2,5 мың орындық 7 нысан пайдалануға беріледі. Алматы қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуіміз керек. Яғни 32 мың төсек-орынға арналған жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған", - деп түсіндірді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу