Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрғандардан баспана алу үшін өтінім қабылдау жалғасуда. Бұл туралы almaty.tv хабарлайды.
23 мамырға дейін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында e-gov.kz электронды порталы арқылы өтініштер мен құжаттар қабылданады. Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы үлестіріледі. Жалпы саны - 996. Пәтерлер Атлетикалық ауылда орналасқан. Бір шаршы метрдің құны - 1036 теңге, жалға алу мерзімі 20 жыл. Баспаналы болуға тек көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылар, әскери және мемлекеттік қызметкерлері ғана үмітті бола алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу