Аудан тұрғындар Абай даңғылында Момышұлы мен Әшімов көшелерінің арасында тым болмаса таңғы уақытта қоғамдық көлікке басымдық беру туралы ұсыныс айтты.
"Абай даңғылының бойымен Момышұлына қатынайтын автобустар үшін жолақ бар, бірақ жаңа учаскеде жолақ жоқ. Басымдық үшін арнайы жолақпен қамтамасыз ету қажет", – деді Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.
Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шығыс және батыс бағытта автобустарға арналған жолақ сызу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу