Алматының Бостандық ауданында Абай даңғылы мен 20-шы желі көшесінің қиылысындағы скверді көркейту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аумағы 0,4 гектар болатын қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеп, демалуына арналған.
Жобаны жүзеге асыруға "Тау Девелопмент" компаниясы 150 млн теңге инвестиция салды.
Сквер аудан әкімдігі мен қаланың қоғамдық кеңістіктерін дамытуға қаржы құятын кәсіпкерлердің ынтымақтастығы аясында жаңартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу