"Былтыр құрылыс талаптары бекітіліп, тарихи орталықты сақтау мәселесі талқыланған. Сондай-ақ осы аумақта салынуы мүмкін құрылыстың тығыздығы мен қабаттар санын белгілеген болатын. Құрылыс жүргізетін мердігер компанияларға мектеп, балабақша, басқа да инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін дайындадық. Дегенмен қоғамда жаңа және ескі тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты әлі де талқыланатын мәселелер бар", – деді спикер.
Осыған байланысты жаңа қаулы қабылданған:
- Меншік иелері 100 пайыз ескі тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасын одан әрі іске асыру тек бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
- Абай даңғылынан жоғары әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейінгі, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аумақта тұрғын үй ғимараттарының биіктігі шектелсін;
- Табиғи беткейлеріне зиян келтіретін ТК салуға тыйым салу.
Бұл ретте қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Абай даңғылынан жоғары салынатын нысандардың биіктігін шектеу жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады.