Абай даңғылында Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында Б. Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін ұзындығы 3,5 шақырым учаскенің құрылысы аяқталуда. Екі бағыт бойынша көлік қозғалысы үшін үш жолақ қарастырылған, деп жазды inbusiness.kz.
"А.Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салынды. Оның қозғалысын айдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Бұл телімде бағдаршаммен реттелетін уақытша қозғалысының сызбасы ұйымдастырылған", – деді Алматы әкімдігінде.
Абай даңғылын ұзарту жобасын іске асыру барысында Қарғалы өзені арқылы да көпір салынды. Даңғылды қаланың батыс шекарасына дейін ұзарту көліктің кедергісіз өтуіне мүмкіндік берді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрығы ашылған болатын.
Мегаполис әкімі құрылысшыларға алғыс айтып, оларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жұмысшылар қысқа мерзімде күрделі жобаларды аяқтады. Соның арқасында көлік инфрақұрылымы жақсарып, қала тұрғындарының мобильділігі артады.
Сонымен қатар метро биылғы жылдың соңына дейін Б. Момышұлы және Сарыарқа метро стансаларын техникалық іске қосу жоспарлануда.