Алматыда Абай күні атап өтілді

543

Оқушылар мен жастар Абай Құнанбаевтың танымал шығармаларынан үзінділер оқыды.

Алматыда Абай күні атап өтілді Фото: gov.kz

Алматыда қазақтың кемеңгер ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 178 жылдығы құрметіне орай оның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Алаңдағы ескерткішке гүл шоқтары қойылған соң оқушылар мен жастар Абай Құнанбаевтың танымал шығармаларынан үзінділер оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бүгін еліміз үшін ерекше мейрам - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күні. Абай Құнанбаевтың тұлғасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемнің өмірінде маңызды орын алады. Абай Жидебайда дүниеге келген. Алайда, әр қазақ Абай - біздің ақынымыз деп оны мақтан тұтады", - деп атап өтті өз сөзінде Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов.

Сондай-ақ орталық қалалық кітапханада "Ұлы Абай халық жүрегінде" атты дөңгелек үстел өтті. "Алатау" дәстүрлі көркем театрында "Абай мұрасы – Қазақ қазынасы" атты әдеби-музыкалық қойылым көрсетілді.

Абай күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес Қазақстанда мерекелік күн болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу