Алматыда 23-24 қыркүйекте сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.
Оған облыстың 6 ауданының, сонымен қатар, Семей қаласының фермерлері қатысады. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады.
Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет өнімдері – 30 тонна, жеміс – көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары-10 тонна.
Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Ш.Уәлиханов алаңында (Шевченко көшесі, Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін) өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу