Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

1561

Мүсін авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.

Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

Алматының Жетісу ауданындағы "Гүлдер" саябағына Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орайластырылған ескерткіштің ашылу салтанатына шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев пен еліміздің танымал ақын-жазушылары, абайтанушылар қатысты. 

"Абайдың мерейтойлық жылы – бұл мәдениет, әдебиет саласына қатысы бар барша қауымның ортақ мерекесі. Ұлы ақын, философ, ойшылдың қалдырған еңбектері қазақ халқының баға жетпес мұрасы екені хақ", – деді шарада сөз алған қала әкімі.

Мүсін авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу