Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы мен қаржы институтының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Сондай-ақ осыған дейін Мұхтар Әбләзовтің сырттай сотталатыны хабарланған еді.
"Мұхтар Әбләзовқа, Жақсылық Жарымбетовке, Қайрат Садықовқа және Сәдуақас Мәмешке қатысты бас сот отырысы Алматыдағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 2017 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де ашық тәртіпте өтіп, сот өндірісі орыс тілінде жүргізілсін", – деген еді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Мартпек Кәкімжанов.
Айта кетейік, істе 2 224 том бар, айыптау тізімінде 205 куәгер бар. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені дәлелденген хабарлаған еді.
"Тергеуден жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы екені және шетелдік қаржы институттарының қарызы екені нақты анықталды", – деп жазылған Ұлттық бюроның хабарламасында.