Алматыда "Адал сайлау үшін" қозғалысы өз жұмысын бастады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Қазақстан заңгерлер одағы" Алматы филиалының төрағасы, "Әділ сайлау үшін" қалалық штабының басшысы Бауыржан Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда  "Адал сайлау үшін" қозғалысы өз жұмысын бастады

Қозғалыстың негізгі міндеті – заң қоғамдастығының сайлау науқанының барысын құқықтық мониторингілеу және қатысушыларға сайлау заңнамасының тәртібін түсіндіру. Штабқа Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер мүше.

 "21 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Кезектен тыс президенттік сайлау Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі", – деп еске салды спикер.

 Бұл ретте ол сайлауларда бақылаушы болу тәртібін түсіндірді.

 "ҚР азаматы бақылаушы болу үшін 18 жастан асқан және саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан бақылаушы өкілеттігі болуы керек", – деді спикер.

 Еске сала кетсек, елімізде сайлау науқаны 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-де басталып, 2022 жылғы 19 қараша сағат 00:00-ге дейін 28 күнге созылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу