Алматыда адам ұрлап, ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

439

Олар Алмалы ауданынан 40 жастағы қала тұрғынын ұрлап кеткен, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда адам ұрлап, ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, ұрланған азаматтың әйелі тәртіп сақшыларына арызбен жүгінген.

"Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалардың аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция саламыз деп қорқытқан", – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу