Алматыда адамды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

198

Енді олар мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Алматыда адамды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерген.

"2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді. Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
 
Үкім заңды күшіне енді.
 
Қарамағындағылардың қызметіне бақылау жасамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу